"Қаңтардың басы мен 20 ақпан аралығында 9 млн 657 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 104,6% құрайды", - деді С. Мыңбаев.
Министрдің мәліметінше, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 100,5% жанармай, 101,3% дизельдік отын, 166,2% мазут, 148,5% авиакеросин өндірілді.
С.Мыңбаевтың айтуынша, қаңтардың басымен салыстырғанда республика бойынша бөлшек сауда бағасы 0,5% шамасында арзандады.
Ал Brent және Urals мұнайының бағасы осы мерзімде 6 - 7% өсті.