Өткен тәулікте 148 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 1 855 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 592 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастардың арасында:


9 адамның жағдайы ауыр,

2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.