Өткен тәулікте 5 адам суға кетті

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі, 29 маусым күні Атырауда Жайыққа шомылып жүрген жерінде 19 жастағы жігіт суға батып кеткен. Оның денесін судан 25 минуттан кейін құтқарушылар алып шықты.

Сол күні Таразда Талас өзеніне 10 жасар қыз бала батып кетіп, оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шыққан.

Петропавл қаласында да Есілге шомылып жүрген кезінде 9 жасар ұл бала суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Шерубай-Нұра өзеніне шомылып жатқан кезде 19 жасар жігіт суға кеткен. Осындай оқиға Жезқазғанда да орын алған. «Қазақмыс» корпорациясының демалыс аумағында орналасқан Кеңгір су қоймасына 47 жастағы еркек суға батып кеткен. Олардың денелерін судан құтқарушылар алып шыққан.