Өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды: 7 адам - коронавирустан, 2 адам пневмония белгілері бар ковидтен қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазіргі уақытта 18 558 адам (114 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) ем қабылдап жатыр, 4 713 - стационарда. 13 845 науқас үйде емделуде.

Науқастар бойынша ақпарат:

  • ауыр жағдайда – 231 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 47 пациент,
  • 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Алматыда вирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары күрт артып отыр. Бір тәулікте - 237 адам. Елордада жүзден астам тұрғын індет жұқтырды. Ел бойынша тәуліктік көрсеткіш - 899 адам.