Атап айтсақ, Кербұлақ ауданында Сарыөзек-Қорғас автожолының 7-шақырымында "Мерседес" автокөлігі "Ниссанмен" соқтығысты. Апат салдарынан "Мерседестің" жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында мерт болып, екінші автокөліктің жүргізушісі ауруханаға түсті.
Талдықорғанда "Опель" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, көлігін көпір үстінде аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Балхаш ауданында Алматы-Бақанас автожолының 229-шақырымында "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі "УАЗ-31512" автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "Фольксваген" автокөлігінде отырған бір жолаушы оқиға орнында жан тәслім етіп, екі жүргізуші мен "УАЗда" отырған екі жолаушы, соның ішінде 10 жасар бала түрлі жарақатпен аурухана төсегіне таңылды.