Өткен тәулікте Алматы қаласында 7 жол апаты тіркеліп, бір адам қаза тапты

Кеше сағат 13-00 шамасында "Мицубиси-Делика" көлігінің жүргізушісі "Жұлдыз-2" ықшамауданындағы Дөнентаев көшесінің бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

№4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген 83 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті