Шығыс Қазақстан облысында Оба өзеніне белгісіз жағдайда 47 жастағы ер адам батып кетті. Оның денесін өзеннің жағасынан жергілікті тұрғындар тауып алды.
Бұдан басқа, судағы қайғылы оқиғалар Жамбыл облысындағы «Аю тропик» демалыс орталығында да орын алды. Мұнда бассейнге шомылу кезінде 7 жасар бала мерт болды. Қарағанды облысында жасанды қазаншұңқырға шомылған 17 жасар жасөспірім батып кетті, Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінде 22 жасар ер азамат көз жұмды.