Агенттік ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Щучинск қаласында жеке меншік үйде шыққан өртті сөндірген кезде үй қожайынының мәйіті табылды. Осындай жағдай Ақтөбе, Семей және Қостанайда да тіркеліп отыр. Барлық жағдайда да адамдар өліміне көмірқышқыл газынан улану себепкер болған.