Өткен тәулікте елімізде 8 адам суға батып кетті

ТЖМ мәліметінше, 14 шілдеде Ақмола облысының Адыр темір жол бекетінің маңында бір жас жігіт, Ақтөбеде Елек өзеніне 16 жастағы бозбала, Өскеменде рудалық материалдар комбинатының қазаншұңқырына 18 жастағы бозбала, Қызылорда облысында қала үлгісіндегі Тасбөгет ауылында бір жас жігіт, Қарағанды облысында Үштөбе ауылынан 4 шақырым жерде бір ер адам, ал Солтүстік Қазақстан облысында Озерное ауылында және Петропавловск қаласында Есіл өзеніне екі ер адам, Оңтүстік Қазақстан облысында Қызылқұм каналында бір жігіт суда жүзіп жүріп суға батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.