Атап айтсақ, Алматының Медеу ауданында 18 қыркүйекте 22 сағат 57 минутта бір саяжайда 80 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі сөндірді. Жалынды ауыздықтауға 10 адам мен 2 техника тартылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндірген кезде 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Сонымен бірге Атырауда 18 қыркүйекте 4 сағат 47 минутта үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан қойма аумағында өрт шықты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті