Өткен тәулікте елімізде екі жұмысшы қаза тапты

Агенттік мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданындағы Малеевский кенішінде бір слесарь тоққа соғылып мерт болды.

Ал Қарағанды облысының Саяқ ауылындағы Саяқ-1-Бастау шахтасында жұмыс барысында бұрғылау агрегаты үстіне құлау салдарынан бұрғышы қаза тапты.