Өткен тәулікте елімізде өрттердің салдарынан үш адам мерт болды

Мекеме ақпаратына сәйкес, бір өрт Алматының Алмалы ауданында жай үйде шыққан. Бейсенбі күні 17 сағат 18 минутта 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 55 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт төтенше жағдайлар министрлігінің күштері келгенше сөндірілді.

Ал Ақмола облысы Щучинск қаласында 1-наурызда 14 сағат 36 минутта бес қабатты тұрғын үйде 4 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 1923-жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру күштерінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмыла сөндірді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте қарағанды облысында, Сәтпаев қаласының іргесіндегі Весовая ауылында төрт қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру күштерінің 17 адамы мен 3 техникасы қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті