Мәселен, Алматыда 10-қазанда жылу құбырын тарту үшін ор қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кету салдарынан "Диамат ГРУПП" ЖШС-нің жұмысшысы үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмды.
Ақтөбеде "Айфуд-Ақтөбе" ЖШС аумағында 10-қазанда тұрмыстық газ аспабын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан кәсіпорынның екі әйел жұмысшысы газдан уланды. Соның салдарынан олардың біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Теміртауда "Бис-СК" ЖШС аумағында 10-қазанда монтаждау жұмыстары кезінде кәсіпорын жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті