Өткен тәулікте елімізде түрлі жол апатынан 5 адам қаза тауып, екеуі жараланды

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 19-шілдеде "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Соның салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы қыз оқиға орнында мерт болса, тағы екі жолаушы ауруханада көз жұмды.

Тағы бір жол апаты Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Астана-Киевская тас жолының 25-шақырымында 19-шілдеде 3 сағатта болды. "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орныда мерт болып, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.