Алматының Жетісу ауданында "Тойота" автокөлігі "Москвич-2140" автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, "Москвич" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға түсті.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 144-шақырымында "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғысып қалды. Апат салдарынан көліктегі екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, тағы екеуі, нақты айтсақ, 6 және 8 жастағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Шығыс Қазақстан облысында Қоянбай -Шоққамыс автожолының 2-шақырымында "ЗИЛ" жүк көлігінің жүргізушісі автокөлігін аударып алды. Соның салдарынан екі жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында мерт болып, тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.
Қызылорда облысында Қызылорда-Байқоңыр тас жолының 170-шақырымында "Vanda" бағытты автобусының жүргізушісі "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан автобустың бір жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы үш адам жарақат алды.
Қызылорда облысында Шымкент-Самара тас жолының 255-шақырымында "Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗбен" соғысты. Соның салдарынан "Мерседес" автокөлігінің бір жолаушысы сол жерде мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы жараланды.