Өткен тәулікте елімізде жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды

Агенттік ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Сарқант қаласында "ВАЗ-2121 " автокөлігінің жүргізушісі 8 жасар баланы қағып кетті. Соның салдарынан әлгі бала апат орнында қаза тапты.

Атырауда "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі алдымен жаяу жүргіншіні қағып өтіп, соңынан "Волга" автокөлігімен соқтығысты . Апат салдарынан екі жүргізуші мен 4 жолаушы, соның ішінде 3 жасар сәби әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Ал жолаушы оқиға орнында мерт болды.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылода облыстарында жол апаттары болды.