Астанада "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі 7 жасар қызды қағып кетті. Бала жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Диханкөл автожолының 85-шақырымында "Ауди-80" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі "ГАЗ-53" жүк көлігімен соғысты. Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында мерт болып, "ГАЗ-53" жолаушысы ауруханаға түсті.
Жамбыл облысы Тараз қаласында "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі темір жол өткелегінде ТЭМ-2 маневрлік локомотивімен соғысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Темір жол қозғалысы тоқтатылған жоқ.
Тараз-Сарыкемер (Жамбыл облысы) автожолының 9-шақырымында "ВАЗ-2109" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соғысты.
Апат салдарынан "ВАЗ-2106" автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бірі ауруханаға түсті.
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында "ГАЗ-2410" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі "ЗИЛ-5301" жүк машинасымен соғысты. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кетіп, екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.