Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы облысы Қарасай ауданында Алматы-Астана тас жолының 43-шақырымында 2-қазанда 22 сағат 10 минутта "Исузу" автокөлігі мен "Ауди" соғысып қалды. Апат салдарынан "Исузу" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болып, "Ауди" жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сол күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Орал-Атырау тас жолының 18-шақырымында "Ниссан" автокөлігінің жүргізушісі "КамАЗ" автокөлігімен соқтығысып қалды. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы жарақаттан оқиға орнында опат болды.
Сонымен бірге Қарағанды облысы Балхаш қаласында Алматы-Екатеринбург тас жолының 638-ші шақырымында "ВАЗ-2104" автокөлігінің жүргізушісі "МАЗ" автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды.