Өткен тәулікте елімізде жол апатынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Атап айтсақ, Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 545-шақырымында "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі әйел қаза тапты. Қазір олардың аты-жөні анықталуда.

Алматыда "Тойота" автокөлігі мен "ВАЗ-2107" соқтығысты. Апат салдарынан "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында опат болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.