Өткен тәулікте көмірқышқыл газынан улану салдарынан Алматыда екі адам қаза тауып, Алматы облысында үш адам ауруханаға жатқызылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 15-наурызда Алматыдағы Қалқаман ықшамауданында жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан екі адам қаза көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.

Сонымен бірге, 16-наурызда талдықорғанда жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан үш адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті