Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

Бір тәулік ішінде 638 адам коронавирус жұқтырып, 179 тұрғын пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 119 129 адамда COVID-19анықталды. Қазіргі уақытта 8 247 адам ем қабылдап жатыр, 437-сі бала.

Стационарларда 2 924, амбулаторлық емделуде 5 323 науқас тіркелген. 192 адамның жағдайы ауыр, 20 пациент аса ауыр хәлде. Жиырма жеті адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

1 тамыздан бері барлығы 39 724 адам
пневмония
жұқтырды. 415 науқас қайтыс болды, жазылып шыққандардың саны 29 416-ға жетті.