Өткен тәулікте Қарағанды облысында 3 мың гектардай дала массиві өртеніп кетті



Далалық өрт 16 сағат шамасында Ақбастау ауылынан 7 шақырым жерде шыққан. Оқиға орнына 5 техника жіберілді. Өртке қарсы күрес қызметінің 32 жауынгері тілсіз жаумен арпалысты. Түн ортасына таман ғана оны сөндіруге мүмкіндік туған.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.