Өткен тәулікте Қазақстан -Ресей шекарасында еліміздің шекарашылары 6,8 килограмм героин тәркіледі

Атап айтсақ, "Шемонаиха-авто" өткізу бекетінде "Ауди-100" автокөлігімен Ресейге бет алған төрт Қазақстан азаматы ұсталды. Тексеру кезінде автокөліктің жанармай құятын қорабынан 5,3 килограмм героин жасырылған құпия қойма шықты.

Сонымен бірге "Петропавл - темір жолы" тексеру бекетінде көлік құралдарын тексеруші шекарашылар жасағы Санкт-Петербург- Омбы бағытындағы отарбаны тексеру кезінде Қырғызстан азаматшасын ұстады. Шекарашылар оның қол сөмкесін тексеру барысында 1,5 килограмм героин тапты.
Ал "Қайрақ-авто" өткізу бекетінде "Мерседес" автокөлігімен Ресейге бет алған Қазақстан азаматының көлігінен шекарашылар декларацияда көрсетілмеген 25 мың АҚШ долларын тапты.
Бұл деректер бойынша тексеру шаралары жалғасып жатыр.