Өткен тәулікте Қазақстанда бес адам суға батып кетті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оралда Шаған өзенінде 20 шілдеде сағат 18.00-де 18 жастағы бозбала; Қарағанды қаласының Октябрь ауданында цемент зауытының карьерінде 20 шілдеде 11 сағат 20 минутта 29 жастағы ер адам; Қарағанды облысының Теміртау қаласында Самарканд су қоймасында 20 шілдеде 16 сағат 55 минутта 30 жастағы ер адам; Қызылордада "Шіркейлі" каналына 20 шілдеде 19 сағат 20 минутта 25 жастағы ер адам; Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Соколовка ауылында Есіл өзеніне 20 шілдеде 16 сағат 15 минутта 35 жастағы ер адам суға батып кетті.