Өткен тәулікте Сычуаньда қуаты 3,9 баллға дейінгі 219 қайталанған тербелістер тіркелген

ҚХР Мемлекеттік сейсмология басқармасынан хабарлағандай, 28 мамыр күні күндізгі сағат 12.00 мен 29 мамыр күнгі сағат 12.00 аралығында 12 мамыр күнгі жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Вэньчуань (Сычуань) уезінде Рихтер бағамы бойынша 3,9 баллға дейінгі 219 қалдық жер тербелістері тіркелген. Ал 4 баллдан жоғары сілкіністер болмаған.

"29 мамыр сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша эпицентрі Вэньчуань уезінде болған жойқын жер сілкінісінің құрбандарының саны 68 516 адамға дейін ұлғайды. 365 399 адам жарақат алса, 19 350 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Зардап шеккен адамдарды жалпы саны 45 546 065 адамды құраса, олардың 15 146-сы эвакуацияланған", - деп көрсетілген хабарламада.