Өткен тәулікте Жамбыл облысында жол апатынан төрт қырғызстандық қаза тауып, тағы төртеуі жараланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 14.00-де Шу - Қордай тас жолының 10-шы шақырымында Қырғызстанда тұратын 38 жастағы "ВАЗ-2107" жүргізушісі көлігін басқара алмай, 30 жастағы Шу тұрғыны айдаған "ГАЗ-53" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, соның ішінде бір жастар шамасындағы бала оқиға орнында жан тапсырып, тағы төрт жолаушы жарақаттанды. Зардап шеккендердің бәрі - Қырғызстан азаматты.

Сондай-ақ, бүгін сағат 02.20-да Алматы - Ташкент тас жолының 150-ші шақырымында "Ауди-100" көлігінің жүргізушісі, Қырғызстан азаматы өзінің 36 жастағы отандасын көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан кезде қағып кетті, ол оқиға орнында жан тапсырды.

ІІД-нің мәліметінше, жыл басынан бері Жамбыл облысындағы тас жолдарда транзиттік көліктердің кінәсінан 53 жол апаты шығып, соның салдарынан 64 адам қаза тауып, осынша адам ауруханаға түсті.