Ақтөбеде "ВАЗ-2106", "ВАЗ-2106" және "Форд" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан бір Жигулидің жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында мерт болып, басқа екі жүргізуші ауруханаға жатқызылды.
Алматы облысында Көктал -Қорғас тас жолының 35-ші шақырымында "Ауди" көлігінің жүргізушісі "ВАЗ-2106" автокөлігімен соғысты. Соның салдарынан ВАЗ-да отырған бір жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші мен "ВАЗ-2106" автокөлігінің үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.