Өткен тәуліктерде еліміздің оңтүстік облыстарында үш бала суға батып кетті

Агенттік мәліметіне сәйкес, Алматы облысы Қапшағай қаласындағы аквасаябақ аумағында бассейнде жүзіп жүрген 9 жасар ұл суға батып кетсе, Алатау ауылында 2 жасар бала егін суаратын арыққа батып кетті. Баланың мәйітін жергілікті тұрғындар тауып алды.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында 11 жасар бала каналға батып кетті. Баланың мәйітін судан құтқару қызметінің сүңгуірлері тауып алды.