Мәселен, Алматы облысындағы Жаса демалыс аймағында Қапшағай су қоймасында суда жүзіп жүрген 10 жасар ұл суға батып кетті. Судан құтқару қызметі баланың мәйітін іздестіруде.
Келесі бір қайғылы оқиға Қызылорда облысында болды. 13 жасар қыз Сырдария өзеніне ағып кетті. Баланың денесі табылды.
Тағы екі адам Солтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларында суға батып кетті. Булаево ауылындағы қазаншұңқырда суда жүзіп жүрген 25 жастағы жігіт , ал Власовка ауылындағы су қоймасында 30 жастағы жігіт суға батып кетті. Судан құтқару қызметтері адамдардың мәйітін тауып алды.