Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы-Бішкек тас жолының 214-шақырымында таңертеңгі 6 сағат 20 минутта "Ауди-100" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы қаза тауып, жүргізуші мен тағы екі жолаушы,соның ішінде 6 жасар бала түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.
Қарағандыда "ИЖ-Юпитер-4" мотоциклінің жүргізушісі "КАВЗ" автобусымен соғысты. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.
Қызылорда облысының Сырдария ауданында Кұмкөл-Қызылорда автожолының 153-шақырымында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.