Өткен тәуліктерде Жамбыл облысында үш тұрмыстық өрт оқиғасы тіркелді

деп хабарлайды Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, Тараздағы жер үйде 35 шаршы метрді құрайтын үйдің жабдықтары өртеніп кетті. «Өрт Тараздың өртке қарсы бөлімі-4 бірінші бөлімшесінің күшімен сөндірілді, өрттің шығу себебі мен келген залал мөлшері анықталып жатыр», - деп түсіндірді ол.

Тағы бір тілсіз жау көпқабатты тұрғын үй ауласында болған, жалынның аумағы 20 шаршы метрді құрады.

Талас ауданы Тұрынқұл учаскесіндегі үй жанында 47 тонна сабан өртеніп кеткен, жалын шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрады. «Өрт баланың отпен ойнауынан болған, келген залал мөлшері анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.