Өткен жылдың 12 айында Алматыда тіркелген шетел азаматтардың саны 131 мың 399-ды құрады - ІІД

Алыс шетел азаматтары 27 қылмыс, ал ТМД елдерінің азаматтары 151 қылмыс жасаған. Алыс шет ел азаматтарына қатысты 52 қылмыс жасалса, ТМД елдерінің азаматтарына қатысты 10 қылмыс жасалған.

Өткен жыл ішінде елімізден шығарылғандардың саны 27,5% -ға артса, 2005 жылдың 12 айында 1 мың 521 адам шығарылса, биыл бұл сан 1 мың 939 -ға өсті.

2005 жылмен салыстырғанда, бұл жылы елімізден шығарылған алыс шет елден келген азаматтардың саны 1 жарым есеге өсіп, олардың саны 583-ке жетті, (2005 жылы-378), ал елімізден шығарылған ТМД елдерінің азаматтыры 2005 жылмен салыстырғанда 18,6 пайызға, яғни 1 мың 356 адамға көбейіп отыр (2005 жылда- 1 мың 143).

Өткен жылда шет ел азаматтарының елімізге келу ережесін бұзуы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау органдарына 42 іс жіберіліп, 26 қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру барысында еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өткен үш Пәкістан азаматы ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Көші-қон полициясы басқармасының арнайы взвод қызметкерлері есірткі тарату және сақтаудың екі фактісін анықтады, қоғамдық орындарды жасаған үш қылмысты ашты, криминалды полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, іздеуде жүрген 26 қылмыскерді ұстады. Өткен жылы шетел азаматтырың келу ережесін бұзуға қатысты 15 мың 787 адам (2005 жылы-19 мың 626) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 2643 алыс шетел азаматтары, 11 мың 238 ТМД азаматы, 1 мың 906 лауазым иелері бар. Жауапқа тартылған адамдардың саны төмендеуі 2006 жылғы 4-шілдедегі ҚР "Заңсыз еңбек иммигранттарын заңдастыру жөніндегі" Заңның қабылдануына байланысты соттар ТМД елінің азаматтырына қатысты материалдарды қарастырмады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті