бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,6 пайызға аз (20,7 млн тонна), деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінен.
Астық 14,7 млн гектардан жиналды, бұл жалпы егін егілген алаңның 98,4%. Өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштер 15,6 млн гектар - 98,6% болатын.
Орташа өнімділік бір гектардан 12,7 центнерге дейін төмендеді, 2013 жылғысы 13,3 центнер болатын.
Алдында хабарланғандай, елдің астық өсіретін негізгі аймақтарының бірі –Ақмола облысында астық жинау науқаны аяқталған, 4,910 млн тонна астық жиналған.
Ауыл шаруашылық министрлігінің жетекшісі Асылжан Мамытбеков алдында атап өткендей, өңделгеннен кейінгі астықтың болжанған салмағы17,6 млн тоннаны құрамақ.