Caravan Logo

Өткен жылы 98,8 мың павлодарлық туристік сапарлар шеккен

Өткен жылы 98,8 мың павлодарлық туристік сапарлар шеккен

Олардың 13,5 мыңы туристік фирмалардың қызметтерін пайдаланған. Бұл туралы статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Туристердің 87,5 пайызы - демалуға барса, 6,5 пайызы коммерциялық мақсатта шоп-турларға барған. Тағы 3 пайызы туған-туыстары мен жақындарына қыдырып барып қайтса, 1,9 пайызы -іскерлік мақсатта және қажылыққа, 1,1 пайызы емделуге барған.

Оның ішінде 4 788 адам - Түркияға, 1 032 адам - Қытайға, 618 адам - Біріккен Араб Әмірлігіне, 317-сі - Германияға, 372-сі - Таиландқа, 273 адам - Мысырға, 152 адам Чехияға сапар шеккен.