Бұл туралы Wealth-X компаниясы мен UBS банкі жүргізген зерттеулерге сілтеме жасай отырып Financial Times басылымы хабарлады.
Әсіресе, миллиардерлер саны Азияда көбейгені байқалады. Жиған-тергенінің жалпы сомасы 1 млрд доллардан асып-жығылатын 52 адамның 33-і Қытай азаматтары.
Бір жылда барлық миллиардерлердің қаражатының жалпы көлемі 12 пайыз артып, 7,3 трлн доллардан асқан.
Миллиардерлердің 571-і АҚШ-та, 190-ы Қытайда, 130-ы Ұлыбританияда, 123-і Германияда, тұрады. 775 миллиардер Еуропа елдерінің азаматы.