Өткен жылы жоғалған малайзиялық Boeing-ті іздеу жұмыстары көп ұзамай тоқтатылуы мүмкін

Австралия үкімет басшысының орынбасары Уоррен Трасс жоғалып кеткен Boeing-ті іздеу ұзаққа созылуы мүмкін емес екенін айтты. Ол үш елдің билік көздері іздеу іс-қимылдарының аяқталуы туралы келіссөздер жүргізіп отырғанын қосып өтті.

Трасс сондай-ақ көлемі бойынша бұл операцияны 1937 жылы жер жүзін ұшып өту сапары кезінде жоғалған аты аңызға айналған авиатор әйел Амелия Эрхартты іздеумен салыстыруға болатынын қосып өтті.

2014 жылдың наурызында Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып шыққан ұшақ алдын ала болжам бойынша Үнді теңізінің оңтүстік бөлігінде құлаған. Оның ішінде 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған.