Баяндамаға сәйкес, әзірге интернет тұтынушыларының басым бөлігі өнеркәсіптік жоғары деңгейде дамыған елдерде тұрып жатыр. Алайда өтпелі экономикалы және дамушы мемлекеттер қарқын ала түсуде. Егер 2002 жылы дамыған елдердегі интернетке қол жеткізу индексі дамушы елдердегі көрсеткіштен он есе артық болса, 2006 жылы бұл артықшылық алты есе болды.
БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының мәліметінше, 2002 - 2006 жылдар аралығында өтпелі экономикалы елдерде интернетке қол жеткізудің ең жоғары жыл сайынғы өсім қарқыны байқалды. Бұл салада Беларусь пен Хорватия алда келеді. Бұл елдердегі интернетке қол жеткізу деңгейінің көрсеткіші тиісінше 57% және 35% құрайды.
ВБаяндамада тағы бір ерекше назар аударылған мәселе, іскерлік және онымен байланысты қаржылық операцияларды электронды байланыс жолымен жүзеге асыруда интернет арқылы ақпаратқа қол жеткізу, арақашықтық пен ұлттық шекаралардың жойыла бастауы кедей елдерде экономикалық ілгерілеушілікке қол жеткізуге мүмкіндіктер тудыруда.