Отқа оранған көлік жол қозғалысын тоқтатып тастады


Тапа тал түсте Шымкенттің орталық көшелерінде болған оқиға жолдағы қозғалысты біразға дейін тоқтатып тастады. Көшенің шетінде тұрған шағын автобус әп-сәтте отқа оранған. Машинаның иесі өз күшімен өртті сөндіргісі келгенімен, онысынан түк шықпады. Қызыл жалынға оранған автокөлік еңіспен артқа қарай қозғалып кетіп, басқа көлікке соғылып барып тоқтады. Бұл уақытта қос көліктің ішінде де ешкім болмапты. Шағын автобустың қазір  қаңқасы ғана қалды. Ал зардап шеккен БМВ-ны жөндеу үшін иесінің біраз қаржы жұмсауына тура келетін түрі бар.