Отставкаға кеткен Украина премьері лаңкестермен күресетін ақшаның да таусылғанын айтып ашынды


Арсений Яценюк, Украинаның бұрынғы премьер-министрі:

-Үкімет бастамаларын Рада қолдамады. Сәйкесінше, дәрігермен милицияға, мұғалімдерге ақша төлейтін, тіпті  лаңкестермен де қарсы күресетін ақша жоқ. Ресейге тәуелді болмайық деп энергетика саласын реформалағымыз келді. Өкінішке орай оған да депутаттар қарсы шықты. Мұндай жағдайда отствакадан басқа жол жоқ.

Яценюктің орнынан кететіні туралы сыбыстар бұған дейін де парламент қабырғасында сан рет айтылды. Депутаттар бірнеше маңызды заңнамаларды қолдап дауыс бермегендіктен, премьердің өзі әрі қарай жұмыс істеуден басы бүтін бас тартқан. Бұдан аз уақыт бұрын ЖоғарғыалдаРа Рада Үкіметтік коалицияның ыдырағандығы туралы да ресми түрде жария еткен болатын. Яценюктің сөзіне қарағанда, оның отставкаға кетуіне осы секілді жайттар себеп. Енді жаңа коалицияның құрылып, Министрлер кабинетінің жасақтала қоюы екіталай. Сондықтан Украина президентіне Парламентті таратып, онсыз да жалақыға ақша таппай, шығысында сепаратистер сойқан салып жатқанда тағы мерзімінен бұрын сайлаудың уақытын белгілеу керек. Ал оған дейін Үкімет басшысы міндетін уақытша атқару Яценюктің орынбасары, Аймақтық даму, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы министрі Владимир Гройсманға жүктелді.