Оттың ортасынан адамдарды тірі алып шықты

Таңертеңгі сағат сегіздер шамасында тұтанған отты кезекшіліктен оралған әскери қызметкер Олжас Баукен көріпті. Бірден есікті бұзып кіргенде пәтер ішінен мүгедек кейуана мен бір жасар сәбиді байқаған. 92 жастағы қарт ес түссіз жатқан. Абырой болғанда, екеуін де лапылдаған оттың ортасынан аман алып шығыпты. Болжам бойынша, өрт электр сымының ұшқынынан тұтанған көрінеді.


Олжас Баукен:

-Түк көрінбейді, жанып жатыр үйдің іші... Қолыммен іздеп жүріп тауып алдым кішкентай қыз баланы. Сосын оны қарама қарсы пәтерде тұратын көршілердікіне тастап кеттім.