Өз аты-жөнін гранттар тізімінен таппаған түлек асылып қалды

Әйгерім Айтқалиева мектепте үздік оқушы болмағанымен, бірыңғай ұлттық тестілеуден 93 балл алыпты. Бесінші пән ретінде ағылшын тілін таңдаған ол аудармашы болуды армандаған екен.  Асылып тұрған  қызын бірінші болып  анасы мен құрбысы байқаған.  Дәл сол сәтте ол  әлі тірі болғанымен, қыз  ауруханаға бара жатқан жолда,  жедел жәрдем көлігінде жан тәсілім еткен.  Бүгін арманда кеткен кешегі түлекті бүкіл ауыл болып жерледі. Ал тәртіп сақшылары бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.

Талғат Маңатауов,   Подстепновск ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- Ол енді қазіргі уақыттың талабы ма, соған қайғырды ма? Оқуға түсе алмай қалғанына, ешқандай не болған жоқ, конфликт болған жоқ. Осындай қайғылы жағдай болып жатыр. Бәріміз қайғырып , көңіл айтуға келіп жатырмыз. Аудан бысшылығымен бірге . 

Loading...