"Өз балаларымды ешқашан тастамаймын": Блогер Айым Сейтметованың күйеуі отбасындағы жанжал туралы өз шындығын айтты

Блогердің күйеуі Талғат Итаев отбасындағы жанжалға қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

Айтуынша, Айым Сейтметова мен екеуі арасында расымен отбасылық кикілжің орын алған. Тіпті, желі қолданушылары оларды ажырасқан деп жазып жатыр.

"Балаларымды ешқашан тастамаймын, олар мен үшін бәрінен маңызды", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айым Сейтметованың өзі де отбасының күйреуі туралы пікір білдірген еді. Енді көпшілік олардың расымен ажырасқанына көз жеткізді.