"Өз денесін тілгілеген": Алматылықтар ұрыны ұстау сәтіндегі жантүршігерлік көріністің куәсі болды (ВИДЕО)

Күдіктінің қанға бөккен видеосы желіде тарауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ZTB | QAZAQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға ер адам қоңырау шалып көлігі ұрланғанын жеткізген. Қоңырау шалушының өзі күдіктінің соңына түскен. Артынша көмекке патрульдік полиция қызметкерлері де жетеді.

Күдіктіні ұстау барысында күдікті өз денесіне жарақаттар салған. Қазір медициналық көмек алу үшін ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Тергеу барысында "Ақсай" ықшамауданында көлікті ұрлап әкеткені анықталды. Және жол-көлік оқиғасына түскен. Көлік иесі жаяу ізіне түсіп күдіктіні қолға түсірмек болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген мәлімдемеде.


Loading...