Өз келінін 11 жерінен пышақтап тастаған Ақтау тұрғыны сотталды

Оқиға жаз айында болды. 45 жастағы тұрғын Өмірзақ ауылындағы үйіне барған. Оның інісінің әйелі мен екеуінің арасында ұрыс туады. Келіні мас күйінде жүріп өз күйеуін де ішімдік ішуге үйрететінін айтады.

Қайынағасы осы кезде асүй пышағын ала салып, келінінің денесін жарақаттайды.


Әйелдің кеудесі мен ішінен қан кетеді. Оны дер кезіне емханаға жеткізгендіктен аман қалды.

Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен айыпталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.