Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді

Шығыс Қазақстан облысында "Ақжон" шекара бекетінде 17 қарашада төтенше жағдай болып, салдарынан әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Әлихан Қожакелдиев қаза тапты. Тергеу мәліметінше, ол қызметтік қарумен кеудесіне екі рет оқ атқан.

Қайғылы оқиға мемлекеттік шекарада атпен  торуылдау кезінде болған. 2017 әскери бөлімше командованиесінің хабарламасына сүйенсек, қатардағы сарбаз Әлихан Қожакелдиев желді тежегіш компенсаторды жоғалтып, таба алмай қойғандықтан, жауапкершіліктен қорқып, өз-өзіне қол салды.

Болған оқиға туралы шекара жасағының жетекшісі Артем Дереглазов айтып берген, ол сол күні Алиханмен бірге шекара учаскесін шолуға шығыпты. Оның айтуынша, Қожакелдиевтен алыста тұрғандықтан, қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады.

Алайда марқұмның туыстары өзіне қол салды деген болжам жындыққа мүлдем жанаспайды деп санайды.

"Бұл Дереглазовтың сөзі ғана. Сену қиын. Адам өзін өлтіргісі келсе, неге басынан атпайды. Кеудесінің оң жақ тұсынан екі рет оқ атқан", — дейді Әлиханның ағасы Асхат Қожакелдиев.

Ұлының өзін-өзі өлтіруге бармайтынына қаза тапқан шекарашының анасы да сенімді. Айгүл Қожакелдиеваның жалғыз ұлы колледжді қызыл дипломмен бітірген, болашақта анасына қамқор боламын деп ЖОО-ға түсіпті. Әйел баласын әскерге алмауды сұрап, қанша жалбарынса да, әскери комиссариат борышын өтуге шақырған.


"Жалғыз басты анамын, балам – жалғыз асыраушым. Құдай үшін, алмаңыздаршы!" – десем, олар: "Тәте, бір жарым миллион теңгеңіз бар ма? Бар болса, төлеңіз, іс бітеді", — деп жауап берді", — деп есіне алады әйел.

Әлихан Қожакелдиевтің мәйітін командирлер анасына алып келгенде, не айтарын білмей абдырап қалған. Ақыры болған жайттың ресми нұсқасын айтып беріпті.

Ал Өскемен гарнизонының әскери тергеу басқармасы мен әскери прокуратура өз-өзін өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдарын бастады. Төтенше жағдайдың жалғыз куәгері Артем Дереглазовқа қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.