«Өз кінәмді мойындаймын» Арман Қоңырбаев не бүлдірді?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Shownews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Карантин күндері жұлдыздар сахнадан жырақтаса да – жұрт назарынан алшақтар емес. Шығармашылықты біраз уақытқашегерген әртістердіңбүгінде өнері емес, жеке өмірлері жанкүйерлерінің жіті бақылауында. Осыдан бірнеше бұрын күн лаундж-барға барып, елдегі ережені ескермеген Арман Қоңырбаев құзырлы орган өкілдерінің қолына түсті.

“Мен достарымның шақыртуымен келдім. Ойын-сауық орталығына енді кіре бергенімде, артымнан полиция қызметкерлері де бірден кірді. Мен өз кінәмді мойындаймын және бұлай болғанын қаламадым, әрине. Алдағы уақыта мұндай жағдай қайталанбайды”, – дейді Арман Қоңырбаев.

Иә, Ашаның жолдасына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал, карантин кезінде бейқам жүрген Арманның әрекеті желідегілерге жақпай қалса керек.


Sultangalieva.zhanylsyn: «Жұлдызсымақтар, біз біргеміз, біз үйдеміз деп ұлып жатыр едіңдер ғой. Халықты алдауды қашан қоясыңдар»

Erke240892: «Қаңғырғанша келіншегі мен қыздарының жанында отырмай ма?»

Suleimenovaa_kz: “Екеуі екі үйде тұрады ғой. Айрылысып кеткен деп

сайттар хабарлады»

Иә, әрдайым салтантты кештер мен концерттерде көп жүретін Қоңырбаевтың үйде отырып шыдамы таусылған секілді. Ал әншінің әріптестері карантиндегі уақытын тиімді пайдаланудың жолын тапқан.