«Өз ойым» жабылсын!»: бағдарлама продюсері үндеу жариялады (ВИДЕО)

Продюсер қыздығын сатқысы келетін қызды жарнамалап жатпағандарын, керісінше кейіпкерді райынан қайтаруға тырысқандарын айтады.

«Біз қоғамда бар мәселені талқылаймыз. Ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген қызды ақша ұсынып шақырған жоқпыз, өзі келді. Ал бағдарламаға қонаққа келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, сол ақшаны мен-ақ  берейін деп, жанашырлық танытты. Біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмасақ та, өзін райынан қайтардық. Бұндай мәселелерден бас сауғалап, көз жұмғанша, ашық күрескен абзал», – деді ол бағдарламаның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында

Продюсер сондай-ақ, әр адам отбасындағы қыз баланың тәрбиесіне мән беруге, олардың телефонын тексеріп отыруға шақырды.