Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Алдыңғы аталарымызды көріп жатырмыз олар тіпті құран оқи алмай жатыр. Оларға бата бер десең, бере алмай жатыр. Солардың кейпін біз кимеуіміз керек. Жас балалар мешітте толып отырса, бейшара қариямын дегендер үйде отыр. Теледидар көріп, "Қалаулым" көріп отыр олар. Баланың алдында қадірі бола ма, қыздың алдында қадірі бола ма, келіннің алдында қадірі бола ма? Өз қадірін аяқ асты қылған аталар, апалар ертерек тәубе қылу керек", - деді ашынып айтқан Әбдіғаппар Сманов.
Атышулы жобаның жабылуын тілеп жүрген Нұрболхан Шарапов "Қалаулым" жобасын жақтап, шаң жуытпайтындарды Құдайдың қаһарында болатынын айтты.
"ҚАЛАУЛЫМды жақтап, шаң жуытпайтындар назарына. Құдайдың қаһары сiзге де болатынын ұмытпаңыз, тiптi сiз қалаулымға бармаған болсаңыз да, көрмеген болсаңыз да солардың сөзiн сөйлегенiңiз үшiн АЗАПТАСЫЗ. Құдай сақтасын! Сосын, "мен не iстедiм, Құдай?!" деп, шағымданбаңыз", - деп жазды Нұрболхан Шарапов instagram желісіндегі парақшасына.