Өз қаржысымен жыл сайын мектеп оқушыларының мектеп формасы, сөмке-дәптермен қамтамасыз ететін - Тоқтар Жақаш


Бүгін марқұмды ақтық сапраға шығарып салу салтанаты өтті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист Тоқтар Жақаш фейсбуктаегі парақшасында досы марқұм Қайрат Беркімбаев Шерәліұлы жайлы былай деді:

"Ажал опасыз! Бүгін аяқ астынан ақжарқын дос, адал жар, асыл әке - Қайрат Беркімбаевты арамыздан алып кетіпті. Жүрегіміз қарс айырылып отыр! Шарамыз жоқ...
Туған ауылы Қызылкөлге өз қаржысына мектеп пен балабақша салған тұңғыш кәсіпкер еді. Мектеп пен балабақшаның керек-жарағымен қосып, мемлекет балансына өткізсе де Қызылкөлдегі мектеп оқушыларын жыл сайын мектеп формасымен, сөмке-дәптермен өз қаржысымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл дүниеде жасаған жақсылығың о дүниедегі қорғаның болсын, бауырым! Алла иманыңды серік етсін, досымыз! Жарқын бейнең әрқашан жадымызда...
Ләйлә Сұлтанқызы , берік болыңдар!",