Өз сайлау учаскеңізді қалай оңай табуға болады?

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды. 

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.

Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.

Аталған сервистерді QR-кодтарды сканерлеу арқылы да пайдалануға болады.